Бос орындар

09.12.2025

Модельдеу, талдау және болжау департаментінің менеджері (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне)

Орналасқан жері: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 11/5, н.п.8

Байқауға қатысу үшін кандидаттар қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес түйіндеме мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Байқауға қатысуға ниет білдірген кандидаттардың түйіндемелері 15/12/2025 ж дейін (қоса алғанда) hrjd@recycle.kz электронды поштасына қабылданады.


Хаттың тақырыбында: «Модельдеу, талдау және болжау департаментінің менеджері» деп көрсету сұралады.


Білімге қойылатын талаптар (деңгейі, бейіні және т.б.):

• «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» немесе

• «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» немесе

• «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» немесе

• «Бизнес, басқару және құқық» салаларында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми дәреженің немесе атақтың болуы құпталады).

• Көрсетілген білім салаларына байланысты пәнаралық бағдарламалар.


Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

• Профильдік салаларда кемінде 3 жыл.


Функционалдық міндеттері:

1. Климаттық саясат, декарбонизация, климаттың өзгеруіне бейімделу салаларында салалық модельдеудің жаңа құралдарын әзірлеу және қолданыстағы құралдарды сүйемелдеу;

2. Деректер жинау, сценарийлер әзірлеу, талдау, нәтижелерді интерпретациялау;

3. Экономиканы декарбонизациялау, парниктік газдар шығарындыларын реттеуді жетілдіру, климаттың өзгеруіне бейімделу салаларында модельдеу нәтижелері негізінде әртүрлі бағдарламалық құжаттар, жобалық ұсыныстар, тұжырымдамалар, түсіндірме жазбалар әзірлеу;

4. Парниктік газдар бойынша жаһандық және ұлттық салалық нарықтарға талдау жасау;

5. Климаттық саясат және модельдеу құралдары мәселелері бойынша семинарлар мен оқыту тренингтеріне қатысу.


Жұмыс тәртібі:

• «Жасыл даму» АҚ-ның еңбек тәртібіне сәйкес.


Бос орындар архиві