ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Автокөлікті кәдеге жарату төлемін қалай тексеруге болады?

Автокөлік бойынша кәдеге жарату төлемінің төленгенін білу үшін АО «Жасыл даму» ресми сайты (recycle.kz) арқылы өз бетінше тексеруге болады. Ол үшін:
1. «Кәдеге жарату төлемдері» бөлімін ашып, «Төлемді тексеру» тармағын таңдаңыз.
2. Автокөліктің VIN-кодын енгізіңіз — бұл 17 таңбадан тұратын бірегей сәйкестендіру нөмірі, ол автокөлік құжаттарында немесе көліктің өзінде көрсетіледі.

Назар аударыңыз, VIN-код тек латын әріптері мен араб цифрларынан тұруы тиіс. 1 және 0 цифрларымен шатастырмау үшін I, O және Q әріптері қолданылмайды.

Деректер енгізілгеннен кейін жүйе кәдеге жарату төлемінің төленгені немесе төленбегені туралы ақпаратты көрсетеді.

Қате төленген кәдеге жарату төлемін қалай қайтаруға болады?

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЭК) 389 - бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Оператор «Жасыл даму» акционерлік қоғамының алдағы артық төленген сомаларды қайтару және (немесе) есепке жатқызу жөніндегі қағидаларын* (бұдан әрі – Қайтару қағидалар) бекітілген. Аталған Қайтару қағидалары «Жасыл даму» АҚ Басқармасының 2024 жылғы 14 қарашадағы шешімімен бекітілген.
Қайтару қағидаларының 4-тармағында артық төленген сомаларды қайтаруды және (немесе) алдағы төлемдер шотына қайтару және (немесе) есепке жатқызу үшін мынадай негіздер:
1) кәдеге жарату төлемінің сомасын (сомасының бір бөлігін), оның ішінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға өтінімді қалыптастыру кезінде импортердің (өндірушінің) деректерді дұрыс көрсетпеуіне байланысты қате енгізу;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кәдеге жарату төлемі енгізілген өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) қаптамамен қоса алғанда, өндірушілердің (тауарлардың) өнімді (тауарларды) өз бетінше өткізуі (әкетуі);
3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындаған кәсіпкерлік субъектісінің қалдықтарды қалпына келтіру немесе кәдеге жарату жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға иелік ету құралы бойынша кәдеге жарату төлемдерін, қаптама қалдықтарын (ақау, кесу, қаптамадағы өнімнің (тауарлардың) жарамдылық мерзімінің өтуі) енгізу жолымен дербес кәдеге жаратуы болып табылады.

Ақшалай қаражатты қайтару үшін «e-Otinish» бірыңғай платформасы арқылы өтініш беру қажет.

Қайтару қағидаларының 7-тармағына сәйкес, қайтару туралы өтініш міндетті түрде келесі ақпаратты қамтуы тиіс:
1) өндірушінің (импорттаушының) толық не қысқартылған атауы, заңды және нақты мекенжайы, байланыс деректерін (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары);
2) алдағы төлемдер есебіне қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жататын кәдеге жарату төлемінің сомасы;
3) кәдеге жарату төлемінің артық төленген сомасын қайтару үшін өндірушінің (импорттаушының) банк шотының деректемелерін;
4) оператор берген кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификаттың нөмірі мен күні, оған сәйкес өтініште көрсетілген кәдеге жарату төлемінің артық төленген сомасын;
5) алдағы төлемдер шотына қайтару және (немесе) есепке жатқызу үшін негіздемені;
6) негіздемелерді растау үшін қоса беріліп отырған құжаттардың тізімін қамтуы керек.

Сонымен қатар, қағидаларының 8-тармағына сәйкес, алдағы төлемдер есебіне қайтару және (немесе) есепке жатқызу үшін негіздемелерді растауға өтінішке тиісті растайтын құжаттар, сондай-ақ өндірушінің (импортердің) есеп айырысу шотының деректемелерін растайтын, қайтару жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі банктер немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамы берген құжат қоса берілуге тиіс.

Ескі көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникасын кәдеге жарату бағдарламасын қашан іске қосу жоспарлануда?

Қазіргі уақытта ПШКҚ/ПШӨЖАШТ қайта өңдеуге/кәдеге жаратуға кейіннен шарттар жасасу мақсатында ПШКҚ/ПШӨЖАШТ қайта өңдеушілерін айқындау процесі жүзеге асырылуда.

Қайта өңдеушілермен шарттар жасалғаннан кейін ПШКҚ/ПШӨЖАШТ, Қоғамның ресми сайтында (www.recycle.kz) ПШКҚ/ПШӨЖАШТ қабылдау пункттерінің өзекті тізімі жарияланатын болады.

Толық танысу

Төлемді тексеру

VIN код бойынша төлем мәртебесін тексеру