Қаптама қалдығын жинаушылар мен өңдеушілерге 3,3 млрд теңгеден астам қаражат төленді
Назад в пресс-Центр

Қаптама қалдығын жинаушылар мен өңдеушілерге 3,3 млрд теңгеден астам қаражат төленді

Қарашаның 8-14 аралығында «EcoQolday» жүйесінде 4 002,7 тонна қайталама шикізатты тасымалдауға және кәдеге жаратуға жіберілді. Қайталама шикізатты жинау, тасымалдау және кәдеге жарату ұйымдарына 141 469 млн теңгедеген астам қаржат төленді. 7 күн ішінде 2 886,12 тонна қағаз және картон қаптама қалдықтар, 310,10 тонна полимер және 806,50 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді. 

Жыл басынан бері «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинаушыларға, тасымалдаушыларға және кәдеге жаратушыларға 3 360 615 616,17 теңге қаражат төленді. Қазіргі уақытта жүйеде 6606 өтінім пысықталып, 108 538,7 тонна қаптама қалдығы қайта өңдеуге жіберілді. Бүгінгі күні ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 1162 жетті. Оның ішінде 229-қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, 36-кәдеге жаратушы зауыттар және 897 көлік компаниялары тіркеліп отыр.