Экология саласының үздіктерін анықтауға арналған «Есо Meken» экологиялық премиясы жарияланады
Назад в пресс-Центр

Экология саласының үздіктерін анықтауға арналған «Есо Meken» экологиялық премиясы жарияланады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «ӨКМ Операторы» ЖШС тұңғыш рет Қазақстанда экология саласының үздіктерін анықтауға арналған «Есо Meken» экологиялық премиясын жариялайды. Төмендегі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталатын болады:

– «Жылдың экологиялық бастамасы»

– «Экология саласындағы үздік білім беру жобасы»

– «Экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін»

– «Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша үздік стартап жоба»

Осы орайда әрбір экологиялық ұйым аталған номинацияларға лайықты деген үміткер тұлғаның мәліметін алдын ала ұсынуды сұраймыз. Әр номинация бойынша үш үміткерден ұсынуға болады. Төменде көрсетілген кестенің үлгісінде үміткер жайлы қысқаша ақпарат 15-ші қараша сағат 18:00-ге дейін info@recycle.kz электронды адресіне берілу қажет.