БІР ЖАРЫМ МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕАЛИТИ-ШОУҒА ҚАТЫСУҒА НИЕТ БІЛДІРДІ
Назад в пресс-Центр

БІР ЖАРЫМ МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕАЛИТИ-ШОУҒА ҚАТЫСУҒА НИЕТ БІЛДІРДІ

««ECO MEKEN» реалити-шоуына қатысушыларды іріктеудің екінші кезеңі аяқталды. 60 талапкердің ішінен 32 қатысушы таңдалды. Енді ECOMEKEN.KHABAR.KZ сайтында онлайн дауыс беру арқылы қазақстандықтар экологиялық бизнес жобасын жүзеге асыру үшін шайқаста бас қосатын 16 адамның есімдерін анықтай алады. Дауыс беру 5 күнге созылады.

Айта кету керек, «Khabar.kz» сайтында экология туралы реалити-шоуға қатысу үшін бастапқыда 1500 өтінім түскен, бірақ іріктеудің алғашқы кезеңінен тек 60 адам өткен.

Қатысуға ниет білдіргендердің ең белсенділері –  Нұрсұлтан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары болып шықты. Қатысушылардың орташа жасы 25-35 жас  аралығында  болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Оператор «ӨКМ» ЖШС-гі «Хабар» Агенттігімен бірге ECO MEKEN» жаңа телевизиялық жобасына қатысу үшін ұлттық кастинг жариялаған болатын. Жоба жеңімпазы – 10 миллион теңге ақшалай сыйлыққа ие болады.

Жобаның мақсаты – экологиялық дүниетанымды кеңінен насихаттау және келешегі зор қатысушыны анықтау. Бас жүлде ретінде оған өзінің экологиялық бизнесін ұйымдастыруға көмек көрсетіледі.

          «Оператор ӨКМ» ЖШС стратегиялық мәселелері бойынша басқарушы директоры Қайратғали Хайрулланың айтуынша, «ECO MEKEN» – бұл өзіңізді жариялауға, салалық бизнесте ақша табуды үйренуге және өзіңізді осы бағытта табуға тамаша мүмкіндік. Біздің жобаның іске қосылуын 10-нан астам утилизатор, қайта өңдеушілерден тұратын серіктестеріміз қолдағанын атап өткім келеді. Қатысушылар іс жүзінде өмірлік сынақтардан өтіп, кәсіпкерлер туындауы мүмкін мәселелерді шешуі керек. Жүлде қоры бірінші орын – 10 миллион теңге, екінші орын – 5 миллион теңге, 3 орын – 3 миллион теңге».

Бұған дейін «Хабар»  арнасының директоры Динара Бисембина: «Жоба ауқымды, оны біздің көрермендер жаңа телевизиялық маусымда көре алады. Түсірілім еліміздің барлық аймақтарында өтеді. Сондықтан біз барша қазақстандықтарды жобаға белсенді қатысуға және қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға шақырамыз», – деді.

Жобаның алғашқы шығарылымы «Хабар» телеарнасының эфирінде қыркүйек айында, ал соңғы шығарылымы –  желтоқсан айында  көрсетіледі.

Қосымша ақпарат үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз:

pr@khabar.kz, 8 (705) 310 86 83