Құрметті отандастар!
Бабалар аманаты болып жеткен ең ұлық құндылығымыз - Тәуелсіздігіміздің мерейлі күнімен баршаңызды құттықтаймын!
Бүгінгі тыныш таңымыз да, бейбіт аспанымыз да, ертеңге деген нық сеніміміз де –
осы Тәуелсіздіктің арқасы.
Оны сақтау, қорғау, дәріптеу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз, ұрпақ алдындағы аманатымыз.
Еліміздің әр шаңырағына тыныштық, береке, ырыс-құт тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз берік болғай!
Ізгі тілекпен, «Жасыл даму» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай