Қазақстан СОР29 аясында БҰҰ РКИК құрамына кіретін 197 елдің ішінен тек 9-ы ғана ұсынған Транспаренттілік бойынша екі жылдық есепті (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынған ел болды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Осындай ауқымды жұмысты аяқтағандардың қатарында — Жапония, Испания, Түркия, Сингапур және Нидерланды Республикасы бар. Мұны БҰҰ РКИК атқарушы хатшысы Саймон Стил атап өтті.
Бұл Париж келісімінде қойылған Климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын растайды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндаманы (Biennial Transparency report — BTR1) ұсынуға міндетті.
BTR1 парниктік газдарды түгендеу және ОНУВ орындалуын бақылау туралы міндетті ақпаратты, сондай-ақ BTR 1 климаттың өзгеруінің әсері және технологияларды әзірлеп беру; әлеуетті арттыру саласындағы бейімделу; қаржылық қолдау туралы ақпаратты қамтиды.
— BTR1 әзірлеуді БҰҰДБ «Жасыл даму» АҚ-мен ынтымақтастықта «9-шы Ұлттық хабарлама мен бірінші және екінші BTR дайындау» ЖЭҚ халықаралық жобасы шеңберінде іске асырды. BTR1 негізгі бөлігі — «Жасыл даму» АҚ дайындаған парниктік газдар көздерінен антропогендік шығарындылар және сіңіргіштердің сіңірілуі туралы Ұлттық баяндама саналады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, БҰҰ РКИК Хатшылығының сайтында https://unfccc.int/first-biennial-transparency-reports толығырақ танысуға болады.
Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-btr-boyinsha-alem-chempioni-atandi-bc7125/