Автокомпоненттер

Автокомпоненттердің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемді есептеу әдістемесі

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы №448 бұйрығымен бекітілген кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025100).

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өндірілетін (импортталатын) өнімге (тауарларға) және оның (олардың) орамасына қатысты кәдеге жарату төлемін (Сөнім) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Cөнім = m * CАЕК * k,

мұнда:

Cөнім – кәдеге жарату төлемі

m – өндірілетін (импортталатын) өнім (тауарлар) массасы (тоннамен);

CАЕК – бір айлық есептік көрсеткіштің сомасы;

k – өндірушілерге (импорттаушыларға) осы Әдістеменнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалатын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар) үшін кәдеге жарату төлемін есептеуге арналған коэффициент.