Артқа қайту

Камбар Татибаевич Омаров

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитетінің мүшесі.

Директорлар кеңесінің Аудит және тәуекелдерді басқару комитетінің Төрағасы.

Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.

Туған күні: 29.09.1975 жылы туған.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі: Х. Дулати атындағы Тараз университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы, ақша айналымы, несие» мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2018 жылғы қазанға дейін «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болды.

2018 жылғы қазаннан 2020 жылғы қаңтарға дейін «CSI групп» консалтингтік компаниясының басқарушы серіктесі, «CSI kapital» Бас директоры болды.

2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың сәуіріне дейін «TSC Global Kazakhstan «Консалтингтік компаниясы» ЖШС Басқарушы серіктесі болды.

2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Халықаралық бәсекелестік құқық, инновация және саясат орталығы – UNCOCLUP» Консалтингтік компаниясы» ЖШС Бас директоры болып табылады.

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің төрағасы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Ақтөбе ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып табылады. 

Қазіргі Директорлар кеңесіне сайланған күні - 29.04.2022 ж.

Үлестес ұйымдарға тиесілі акциялардың саны мен үлесі: жоқ.