Астана қаласында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен V Халықаралық экологиялық конгресс өтті Аталған іс-шарада «Жасыл даму» АҚ атынан Қалиақбаров Серікбол Мұратұлы баяндама жасап, «Жасыл инвестициялар және энергетикалық көшу» тақырыбындағы пленарлық сессияда сөз сөйледі. Өз сөзінде ол қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жобаларды жеңілдетілген қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті. Конгрестің негізгі тақырыбы - «Жасыл күн тәртібі 2.0» тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету болды.