Құрметті отандастар!
Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын!
Бұл қасиетті күн – ата-бабаларымыздың ерен ерлігі мен қаһармандығын, Отанға деген адалдығын еске алатын ерекше сәт. Ұлы Жеңіс – еліміздің бірлігін, қайсарлығын, болашаққа деген үмітін, ерлігін паш ететін күн.
Бүгінгі бейбіт өміріміз бен тәуелсіздігіміз үшін қасық қаны қалғанша күрескен ардагерлерімізге бас иіп, оларға алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, тыныштық пен амандық тілеймін. Елімізде әрқашан бейбітшілік, ынтымақ пен татулық салтанат құрсын!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!
Ізгі тілекпен, «Жасыл даму» АҚ