Алматы облысында қалдық өңдейтін зауыт салынады
Назад в новости

Алматы облысында қалдық өңдейтін зауыт салынады

24 шілде Алматы облысының Іле ауданының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының сенімгерлік басқарушысы «ADC TAZA А 'Lem» ЖШС негізінде қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді материалдарды, темірбетон бұйымдарын қайта өңдейтін және қоқыс жағу арқылы электр энергиясын өндіретін зауытын кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаның жалпы құны шамамен 32,6 млрд. теңгені құрайды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да сұралған сома 24,3 млрд.теңге.

Осы жоба іске қосылғанда 70-ке жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

«Жасыл даму» АҚ бірнеше бағдарламаны жүзеге асырады. Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін бекітті. Қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) арқылы сыйақы мөлшерлемесі 3% және қарыз беру мерзімі 3 жылдан 15 жылға дейін белгіленген. 3 жыл ішінде бөлінетін қаражаттың жалпы көлемі 185 млрд. теңге.

ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігі жанындағы жобалау тобы барлық әкімдіктермен, сондай-ақ салалық бизнес өкілдерімен кеңес өткізді. Қорытындысы бойынша 232,2 млрд.теңге сомасына 94 жоба іріктелді.

Қазір ҚР ЭТРМ 147 763 млн. теңгенің 30 инвестициялық жобасын қарап (қордан сұралатын қаржыландыру сомасы 125 201,8 млн.теңге), осы бизнес субъектілері қор талаптарына сәйкес 2-кезеңдегі құжаттар топтамасын дайындауға кірісті.

Одан басқа, Қорда қаралған 24,3 млрд.теңгенің 3 жобасы әкімдіктерге жолданды (сұралатын сома 19,5 млрд. теңге).