Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев қалдықтарды басқару саласындағы жобалар бойынша инвестициялық штабтың отырысын өткізді, оның барысында 10 жоба қаралды, оның 6-ы кәдеге жарату төлемдері есебінен жеңілдікті қаржыландыру шеңберінде түпкілікті өнім алу арқылы қайта өңдеу бойынша.
Инвестициялық штаб мүшелері өңірлердегі жобалардың қажеттілігі және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманың сәйкестігі туралы бірыңғай ұстанымды білдірді.
Бұл жобалар Президенттің ү. ж. ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылуда.