Бүгін "ЭкоАсар қайырымдылық марафоны" акциясы аясында №3 мектеп-гимназиясында экобелсенді Мариям Қасымова «қалдықты қайта өңдеу» тақырыбында екінші эко-сабағын өткізді. Сондай-ақ қаланың 43 мектебінде педагогтар, эко еріктілер мен ата-аналар өз балаларға қалдың өңдеу, оны кәдеге жаратудың жолдарын түсіндіретін эко-сабақ өткізді. Оқушылар қаптаманың қандай түрлері қайта өңделетінін, қандай түрі өңделмейтіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар үнемдеу, табиғатқа ұқыпты қарау бойынша лайфхактар көрсетілді. Микропластиканың зияны, Pet шөлмектерге суды сақтаудың неліктен қауіпті екенін талқылады. "Жас Ұлан" РҚБ еріктілері өсімдіктерді отырғызуға арналған тетра пакеттерді екінші рет пайдалану бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Оқушылар үлкен қызығушылық танытты және Біз эко-әдеттердің көп бөлігі олардың отбасыларына енгізілетініне сенімдіміз.