Алматы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 50 жаңа қоқыс таситын көлік алады
Жаңалықтарға оралу

Алматы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 50 жаңа қоқыс таситын көлік алады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 

4 маусым күні, сағат 9:00-де «Ақ Тәртіп» ЖШС аумағында 50 жаңа заманауи қоқыс таситын көлікті беруге арналған салтанатты іс-шара өтеді. Шараға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі, Алматы қаласының әкімі, «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы мен бизнес өкілдері қатысады.

Бұл жоба экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елдегі қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы шеңберінде іске асырылып отыр. «Жасыл даму» АҚ және «Ақ Тәртіп» ЖШС-мен бірлесіп Алматыда қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жоба іске асырылуда.

Жаңа қоқыс таситын көліктерді сатып алу қалдықтарды шығару тиімділігін едәуір арттырып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және 50-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жобаны қаржыландыру «Жасыл даму» АҚ-ға кәдеге жарату төлемінің қаражаты есебінен берілген жылдық 3%-дан 7 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген қарыз түрінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Іс-шараға БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Аккредиттеу және қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастырушыларға хабарласыңыз: + 7 701 701 3450

Өтетін орны: Алматы қ., Алатау ауданы, 7-көше, 134/12