«Жасыл даму» АҚ Corporate Governance Forum 2026 форумына қатысты
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ Corporate Governance Forum 2026 форумына қатысты

Астанада «Корпоративтік басқару: реформалардан нәтижелерге - болашаққа көзқарас» тақырыбында IV Corporate Governance Forum 2026 форумы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, ұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдардың 300-ге жуық өкілі қатысты.

Форумның ашылуында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаев құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ қатысушылар алдында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров сөз сөйледі. Форумға қатысқан ұйымдар өкілдерінің қатарында «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай және «Жасыл даму» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Қамбар Омаров болды.

Іс-шара аясында корпоративтік басқаруды жетілдіру, ESG қағидаттарын енгізу, компаниялар қызметінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибелерді қолдану мәселелері талқыланды.

Форумға қатысу «Жасыл даму» АҚ үшін тәжірибе алмасуға, корпоративтік басқарудың заманауи тәсілдерімен танысуға және орнықты даму саласындағы озық тәжірибелерді зерделеуге мүмкіндік берді.