30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Жаңалықтарға оралу

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясының мерейлі 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ата Заңымыз еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының берік негізі. Конституцияда бекітілген қағидаттар мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі ғана емес, сонымен қатар табиғатты аялау мен ұрпаққа аманат етер байлығымызды қорғаудың да құқықтық іргетасы.

Осы мерейлі күні баршаңызға денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз!

Конституция күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен, «Жасыл даму» АҚ