Ауылшаруашылық техникасын құрастыру барысымен танысу үшін «Жасыл даму» АҚ атқарушы органы Ақмола облысындағы өндірушілермен кездесті.
«Kazrost Engineering Ltd», «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ға бару барысында отандық автоөндірушілерді ынталандыру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы машина өндірісі саласындағы отандық қамту үлесін арттыру төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылады. «Жасыл Даму» АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау мақсатында «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі туралы да тыңдалды.
Естеріңізге сала кетейік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бағдарламасын іске асыруға 30 млрд. теңге бөлініп, 1 мыңнан астам отандық ауыл шаруашылығы техникасы берілген болатын.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Қазақстандық компаниялар ресейлік және беларусь өндірушілерімен бірге ауылшаруашылық және коммуналдық техниканың танымал сериялық өндірісін игеріп, оң нәтижеге жетіп отыр.
Өндірушілермен қазақстандық қамту үлесін арттыру, өнім түрлерін көбейту және олардың бағасын шаруалар үшін тиімді болуын қарастыру міндеттері талқыланды.
«Жасыл Даму» АҚ тарапынан бөлінген қаржы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының шеңберінде ауылшаруышлық машинасы өндірісінің дамуына серпін берді.