Қазақстан өңірлік ынтымақтастықты арттыруда
Назад в новости

Қазақстан өңірлік ынтымақтастықты арттыруда

Бішкекте "Орман Бейбітшілік үшін" бастамасы шеңберінде трансформациялық жобаны әзірлеу үшін Орталық Азиядағы трансшекаралық ынтымақтастық бойынша екінші өңірлік семинар өтуде. Бұл іс-шара шөлейтті жерлердің көбейуі жөніндегі Конвенцияның, БҰҰ Даму бағдарламасының және Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының қолдауымен өтуде. Орталық Азиядағы жердің ластануы экологияға әсері үлкен. Қазақстан Орталық Азияда елеулі орынға ие бола отырып, жер мен экожүйені орнықты пайдалануға бағытталған бірқатар жасыл іс-шаралар мен жобаларды белсенді түрде жоспарлап іске асырып отыр. Осыған байланысты Қазақстан трансшекаралық қорғалатын таулы аумақтарды құру және халықаралық жобалар шеңберінде Климаттық бейімделу жөніндегі өңірлік шараларды дамыту туралы бастама көтерді. Семинар жұмысы шеңберінде халықаралық донорлар есебінен, кейіннен қаржыландыру үшін климаттың өзгеруіне бейімделу және биоалуантүрлілікті төмендеуі жөніндегі трансшекаралық жобаның тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда.