Бүгін, 2024 жылғы 12 қыркүйекте Франция Елшілігі, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі және "Жасыл даму" АҚ қолдауымен SICTOM француз компаниясының ұйымдастыруымен "Қазақстандағы тұрмыстық қалдықтарды басқарудың заманауи сын-қатерлері мен перспективалары: ресурстарды орнықты дамыту және тиімді пайдалану жолдары" тақырыбында семинар өтті.
Семинарда, Ақмола облысының Ақкөл қаласында тамақ қалдықтарын қайта өңдеу бойынша Француз үкіметінен бөлінген гранттық жобасының қорытындысы баяндалды.
"Жасыл даму" АҚ өкілдері атқарып жатқан жобалар бойынша, оның ішінде қалдықтармен жұмыс істеу саласы, қаржыландыру бағыттары, 2024-2026 жылдарға арналған жобалар мен каржыландыру сомасы және Қазақстандағы ӨКМ жұмысының принципі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, саланың жай-күйі мен болашағы, Қазақстанда қалдықтарды жинау және қайта өңдеу саласы жөніндегі шешімдер сияқты мәселелер талқыланды.