Қазақстандық стенд Eco Expo Central Asia 2025 көрмесінде үздік деп танылды
Жаңалықтарға оралу

Қазақстандық стенд Eco Expo Central Asia 2025 көрмесінде үздік деп танылды

Ташкентте үш күн ішінде Жасыл экономика, қалдықтарды қайта өңдеу және тұрақты даму саласында жұмыс істейтін Орталық Азияның жетекші компанияларын біріктірген Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық экологиялық көрмесі аяқталды.

Нәтижесінде "Жасыл даму " АҚ қатысуымен ұйымдастырылған қазақстандық стенд көрмеде үздік деп танылды. Ол аймақтағы жасыл экономиканың дамуына қосқан үлесі, технологиялылығы және практикалық үлесі үшін жоғары бағаланды.

Қазақстандық делегация құрамына пластикті, макулатураны, тамақ қалдықтарын, литий-ионды батареяларды және экологиялық материалдарды бөлек жинау, қайта өңдеу жүйесі саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынған бес компания қатысты. "ReBin "ЖШС", Technic Destroy" ЖШС (first Recycling бренді), "Kazstonebox" ЖШС,  "FOOD Waste" ЖШС және "ИнтерМультиСервис " ЖШС өз өнімдері мен технологияларын көрсетті.

Көрменің үш күнінде ондаған іскерлік кездесулер өткізілді, берік серіктестік байланыстар орнатылды, сондай-ақ жалпы сомасы 20 миллион АҚШ долларынан асатын 30-ға жуық меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Қазақстандық компаниялар өзбек нарығында өз шешімдерін масштабтау және бірлескен жобаларды іске асыру туралы алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізді.

"Жасыл даму" АҚ Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігіне қазақстандық технологияларды шақырып, экологиялық шешімдер саласындағы әріптестікті кеңейтуге ашықтығы үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Eco Expo Central Asia 2025-ке қатысу екіжақты экологиялық диалогты дамытудағы және Орталық Азияның орнықты дамуы саласындағы сенімді және жауапты әріптес ретіндегі Қазақстанның ұстанымын нығайтудағы маңызды кезең болды.