БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының Хатшылық сарапшылары Алғашқы Екі жылдық транспаренттік баяндамасына (BTR) жалпыұлттық шолу жүргізуде
Жаңалықтарға оралу

БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының Хатшылық сарапшылары Алғашқы Екі жылдық транспаренттік баяндамасына (BTR) жалпыұлттық шолу жүргізуде

2025 жылғы 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Астанада БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Хатшылығының халықаралық сарапшылар тобы Қазақстан Республикасының екіжылдық есептілік баяндамасына (BTR) шолу жүргізу мақсатында ресми сапармен келеді. Бұл баяндама 2025 жылы Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін Тараптар конференциясының 29-шы сессиясы (COP-29) аясында қарастырылады.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы BTR баяндамасын Хатшылыққа алғашқылардың бірі болып – әлемдегі 9 елдің қатарында ұсынды. Шолу нәтижесінде Қазақстанға өз баяндамасын жақсарту және түпкілікті аяқтау үшін маңызды ұсынымдар алу мүмкіндігі беріледі.

BTR жөніндегі консультациялық кездесулерге Климаттық саясат департаментінің, «Жасыл даму» АҚ-ның өкілдері мен сарапшылары, мүдделі мемлекеттік органдар, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігі және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері белсенді қатысуда.