Бір аптада «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинағандарға 85 млн теңгеден астам қаржат төленді
Назад в новости

Бір аптада «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинағандарға 85 млн теңгеден астам қаржат төленді

Желтоқсанның 13-19 аралығында «EcoQolday» жүйесінде 3 053,5 тонна қайталама шикізатты тасымалдауға және кәдеге жаратуға жіберілді. Осы аптада қайталама шикізатты жинау, тасымалдау және кәдеге жарату ұйымдарына  85 156 200 теңге астам қаржат төленді. 7 күн ішінде 2 165,52   тонна қағаз және картон қаптама қалдықтар, 167,69  тонна полимер және 720,25 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді.


Жыл басынан бері «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинаушыларға, тасымалдаушыларға және кәдеге жаратушыларға 4 189 023 591,99  теңге қаражат төленді. 

Бүгінгі күні ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 1 344-ке жетті. Оның ішінде 245-қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, 37-кәдеге жаратушы зауыттар және 1062 көлік котмпаниялары тіркеліп отыр. 

Шикізатты кәдеге жаратушы кәсіпорындар қаптама қалдығын сатып алуға төмендегі бағаларды ұсынып отыр: 

Макулатура үшін 90-100 теңге Полимер үшін 150-280 теңге Шыны үшін 16-22 теңге