Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 54 бұйрығымен кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәдеге жарату төлемін есептеу автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының әрбір түрі мен санаты бойынша Әдістеменің 4-қосымшасында көзделген коэффициенттерді қолдана отырып жүзеге асырылады.
Аталған өзгерістер тек Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясынан әкелінетін автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты қолданылады.
Осыған байланысты 2026 жылғы 8 мамырдан бастап көрсетілген санаттағы автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін кәдеге жарату төлемін есептеу кезінде жаңартылған мөлшерлемелер мен коэффициенттер қолданылатын болады.