Cутегі энергетикасына көшу маңызды
Назад в новости

Cутегі энергетикасына көшу маңызды

2024 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау» деген тақырыппен Қазақстандық Халықаралық көрме өтті.

Көрме экологиялық таза технологияларды дамыту, оның ішінде Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) және сутегі энергетикасын дамыту мәселелеріне арналған. Көрмеге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, облысы әкімдіктерінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік және жеке компаниялардың өкілдері қатысты.

Көрменің ашылуында сөз сөйлеген «Жасыл даму» АҚ Басқарушы директоры - Сәкен Қалқаманов - сутегі энергетикасының экологиялық аспектілері мен қауіпсіздігі тақырыбын, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, бизнес және ғылыми қауымдастық арасындағы экологиялық таза технологияларды қолдау мен әзірлеудегі ынтымақтастықтың парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу жөнінде маңызды мәселе көтерді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының негізгі элементі ретінде сутегі энергетикасына көшуге ерекше мән берілетінін мәлімдеді.