«Жасыл даму» АҚ (бұдан әрі-қоғам) 2022 жылғы 14 мамырдан бастап халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыштар үшін кәдеге жарату төлемінің «0» коэффициенті қарастырылғандығын хабарлайды.
Заңнамалық нормаларды сақтау мақсатында Қоғам халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыштар үшін төленген кәдеге жарату төлемін қайтару мүмкіндігі бойынша шаралар жүргізді.
Осыған байланысты, кәдеге жарату төлемін төлегеннен және автокөлік құралына рұқсат карточкасын (жүктерді халықаралық тасымалдау) алу бойынша заңнамада көзделген барлық рәсімдерден өткеннен кейін импорттаушылар «e-otinish» электрондық платформасы арқылы кәдеге жарату төлемін қайтару туралы өтініш беруі қажет.
Өтінішке көлік құралын тіркеу туралы куәлікті, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру куәлігін және автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын (жүктерді халықаралық тасымалдау) қоса беру қажет.