EcoQolday: Қазақстан экологиясын өзгертетін нақты көрсеткіштер
Жаңалықтарға оралу

EcoQolday: Қазақстан экологиясын өзгертетін нақты көрсеткіштер

«Жасыл даму» АҚ қалдықтарды жинау және қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындарды қолдауға арналған EcoQolday ақпараттық жүйесінің жұмыс қорытындыларын шығарды.

2026 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша:
Жүйеде 136 компания тіркелген:
• 87 — қалдық жинаушылар
• 30 — қайта өңдеушілер
• 19 — толық циклді компаниялар

78 шарт жасалған, тағы 5 өтінім қаралуда.

Платформа іске қосылғаннан бері 439 есеп жолданды, оның 20-сы 2025 жылғы желтоқсан айына тиесілі.

Қайта өңдеуге 60,4 мың тонна қалдық жіберілді, оның ішінде:
қағаз — 39,0 мың т
шыны — 14,6 мың т
шиналар — 6,2 мың т
пластик — 0,65 мың т

Жүйе қатысушыларына төленген төлемдердің жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеден асты.

Қалдық түзушілерден 842 өтінім қабылданып, олардың жалпы массасы 3,2 мың тоннадан асады.
Жүйеге бизнес өкілдері де, азаматтар да белсенді түрде тартылуда.

Telegram желісіндегі қолдау орталығы 2025 жылы кәсіпкерлерден 1 171 өтінішті өңдеді.

EcoQolday — бұл ашықтық, цифрландыру және елдегі экологиялық мәдениетті дамытуға қосылған нақты үлес.

«Жасыл даму» АҚ Қазақстанның тұрақты болашағы үшін цифрлық шешімдерді дамытуды жалғастырады.