«EcoSummer 2025» конкурсы басталды
Жаңалықтарға оралу

«EcoSummer 2025» конкурсы басталды

«Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы» ЗТБ «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп «EcoSummer 2025» конкурсын жариялайды.

Экология мәселесі мен қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуға кез келген азамат қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғалардың экологиялық сауаттылығын арттыру, EcoQolday бағдарламасын насихаттау және қалдықтарды жинау, сұрыптау және кәдеге жарату бойынша ең белсенді бастамаларды қолдау.


«EcoSummer 2025» байқауының жеңімпаздары (алғашқы үш орын иегерлері) ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 Байқау төмендегі 4 номинацияны қамтиды:

1. Жас Эко-Елші – 18 жасқа дейінгі қатысушылар үшін;

2. Қазақстанның Эко-азаматы – 18 жастан асқан азаматтар үшін;

3. Эко-Бизнес – қалдықтарды жинап, қайта өңдеумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін;

Басты талап – қайта өңдеуге жарамды және таза қалдықтардың ең көп мөлшерін жинау. Қалдықтарды әрі қарай өңдеу үшін EcoQolday қосымшасы арқылы тіркеп тапсыру қажет.

4. Цифрлық Эко-Дауыс – Instagram мен TikTok желілеріндегі қалдықтарды бөлек жинау идеясын насихаттауға арналған байқау. Конкурстың соңғы күні – 15 тамызды қоса алғанда, екі әлеуметтік желіде лайктардың жиынтық саны бойынша қорытындысы шығарылатын болады. Бізді #EcoSummer2025 хэштегімен әлеуметтік желілерде @zhasyl_damu белгілеңіз.


Маңызды күндерге назар аударыңыз:

13 маусым – өтінім қабылдау басталады;

15 тамыз – байқау кезеңінің аяқталуы;

25 тамыз – марапаттау салтанаты, Астана қаласында өтеді.

Қатысу өте оңай – төмендегі ақпаратты көрсете отырып, kense@recycle.kz электронды поштасына хат жіберіңіз:

Байқау атауы;

Тегі, аты-жөні немесе ұйым атауы;

3- Байланыс мекенжайы мен телефон нөмірі және әлеуметтік желілерге сілтеме.

EcoSummer 2025 – бұл әрбір дауыс, әрбір жиналған килограмм қалдық пен әрбір бастама маңызды болып табылатын Қазақстанның таза болашағы үшін бастама.

Қосылыңыз және жеңіске жетіңіз!

 

МАҢЫЗДЫ: 1-қосымшада (төменде қараңыз) әр қалада байқауға қатысу үшін қабылданатын қалдық түрлері көрсетілген.

 

1-қосымша



Қала

Қалдықтар түрі

 Астана



Қағаз, пластик


 Алматы



Шыны, қағаз, пластик


 Шымкент



Шыны, қағаз, пластик


 Семей



Қағаз, пластик


 Көкшетау



Шыны, қағаз, пластик


 Тараз



Қағаз, пластик


 Теміртау



Шыны, қағаз, пластик


 Қарағанды



Шыны, қағаз, пластик


 Қостанай



Қағаз, пластик


 Ақтау



Қағаз, пластик


 Ақтөбе



Қағаз


 Орал



Қағаз, пластик


 Павлодар



Қағаз


  Жезқазған



Қағаз, пластик