Желтоқсанның 6 мен 19 аралығында тозығы жеткен 153 агротехника жоюға қабылданды. Оның 28 комбайн, 125 трактор. Техника тапсырылған иелеріне жаңа техника сатып алуға жеңілдік сертификаты берілді.
Айта кетейік жыл соңына дейін электронды кезекке сәйкес ауылшаруашылық техникасы қабылданады. Жеңіл және жүк көліктерін қабылдау 2022 жылдың қаңтарынан іске қосу жоспарланған.