Экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында "Жасыл даму" АҚ қызметкерлері Астанадағы мектептің бірінде жоғары сынып оқушыларына танымдық сабақ өткізді.
Оқушыларға "Жасыл даму" АҚ қызметі және оның қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы рөлі, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қағидаты және оны біздің Республикамыздың аумағында іске асыру туралы айтылды.
Сондай-ақ қалдықтардың түрлері, олардың экожүйеде ыдырау ұзақтығы, қалдықтардың шамадан тыс жинақталу проблемасымен күресудің тиімді әдісі ретінде сұрыптап жинаудың ерекшеліктері мен тәсілдері туралы айтылды. Сонымен қатар, қалдықтарды өңдеу және оларды сұрыптап жинау саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер қамтылды. Қаптама қалдықтарын жаңа өнімге қайта өңдеу процесі көрсетілді.
Оқушылар алынған ақпаратты ықыласпен қабылдап, белсенділік танытты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, әрқайсысы өздері үшін қалдық жайлы жаңа пайдалы ақпарат алды.