Бүгін мемлекет басшыларының қатысуымен өткен қазақ-герман бизнес форумы аясында «Жасыл даму» АҚ және "AMK Global GmbH" өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум стратегиялық әріптестік шеңберінде сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, тараптардың көліктік-логистикалық және энергетикалық саланы дамытуға бағытталған.
AMK Global GmbH-қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың біріккен компаниясы. Компанияның негізгі мақсаты қоқыс өңдеу кешендерін құрастыру, жаңа технолгияны пайдалана отырып тиімді өндірісті іске асыру болып табылады.