"Жасыл даму" АҚ Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдетілген несие беру мәселесін пысықтауға кірісті.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырған болатын.