Ел ішінде экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Жасыл даму» АҚ қызметкерлері Астана қаласындағы №81 Astana English school мамандандырылған гимназиясының және №1 мектеп-лицейінің оқушыларына қалдықтарды тиімді басқару тақырыбында танымдық сабақтар өткізді. Оқушыларға еліміздегі қалдықтар проблемасының өзектілігі және осы мәселемен күресудің тиімді әдісі ретінде қалдықты бөлек жинаудың ерекшеліктері көрсетілді. Оқушылар мамандар ұсынған ақпаратқа асқан қызығушылық танытып, зор ынтамен қабылдады.
Оқу жылы аяқталғанға дейін «Жасыл даму» АҚ мамандары дәл осындай танымдық сабақты елорданың бірнеше мектебінде өткізетін болады.