"Жасыл даму" АҚ, 2025 жылғы 3-4 шілдеде Астана қаласында АХҚО аумағында өткен "GREEN Energy & Waste Recycling Forum 2025" IX Еуразиялық бизнес-форумға (бұдан әрі — Форум) қатысты.
Форум, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес және қоғам арасындағы жасыл энергетика және қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері бойынша ашық диалогқа арналған халықаралық платформа болып табылады.
GEWR 25 форумының мақсаты - қалдықтарды тұрақты басқару мен тиімді қайта өңдеуге негізделген Қазақстан мен Орталық Азиядағы дөңгелек экономикаға жедел көшу үшін саланың барлық қатысушыларының күш-жігерін шоғырландыру.
Форум аясында, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен пленарлық сессиялар, сондай-ақ қалдықтарды басқару және орнықты даму саласындағы жаһандық үрдістерге арналған дөңгелек үстелдер өтті. ESG-тәсілдерін іске асыруға, дөңгелек экономикаға және "Таза Қазақстан"бастамасына ерекше назар аударылды. Қалдықтарды басқару тұжырымдамасы, өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтарды басқарудағы үздік тәжірибелер, сондай-ақ қалдықтарды басқаруды цифрландыру, МЖС және ӨКМ тетіктері қарастырылды. Талқыланатын тақырыптардың ішінде: инвестицияларды тарту және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту.