Хабарландыру!
Назад в новости

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министірінің (одан әрі - Министірлік) бұйрығымен 2023 жылы 27 қарашада «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру Қағидалары» №332 бекітілді. Айтылған Қағидалар, 2024 жылдың 05 ақпанында күшіне енеді.

Осыған орай, 2024 жылдың 31 қантарда сағат 10:00 – де онлайн форматта, Министірліктің және «Жасыл даму» АҚ жауапты жұмыскерлерімен, автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және өңдеуді ынталандыру процестері нақты көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Онлайн-конференцияға қосылу үшін, келесі сілтеме бойынша өту қажет, қосылу кезінде қаланы, ауданды және кәсіпорынның атауын көрсетуіңізді сұраймыз (мемлекеттік ұйымдардың өкілдері үшін – өкілдің аты-жөні, облыс және мемлекеттік ұйымның атауы).


ZOOM жүйесіне қосылу үшін сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/87257339339?pwd=prPX5qJh1d7D6wa17aIGIm9JB2YGhd.1

Конференция идентификаторы: 872 5733 9339

Кіру коды: wv2w1U