Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша «өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 25 қазандағы №763 ҚР Үкімет Қаулысына өзгерістулер мен толықтырулар енгізу туралы» 18.07.2022 жылғы № 502 ҚР Үкімет Қаулысы шығарылды. Онда кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатты беру тәртібі бойынша өзгерістер халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыш техникаларға қатысты «0» коэффициентін қолдану қарастырылған.
«0» коэффициенті халықаралық тасымалдарға қатысушыларға және ершікті тартқыш техниканы аталған бағытта пайдалануды жоспарлаған өндірушілер және (немесе) импорттаушыларға қолданылады. Ол үшін тартқыш техниканы әкелушілер recycle.kz. сайтына кіріп, жеке кабинеті арқылы өтінім беруі қажет. Ол жерде ершікті тартқыш техника халықаралық тасымалдарға қатысатынын көрсетіп, кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатты (кәдеге жарату төлемін енгізгендігі туралы куәлік) жүктеп алады. Оның мөлшері 0 (нөл) теңге.
Кәдеге жарату төлемін енгізгендігі туралы куәлік алған күннен бастап 3 ай ішінде ершікті тартқыштың иесі көлік құралын тіркеуге қоюға және халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасын алу үшін уәкілетті органдарға жүгінуі қажет. «Жасыл даму» АҚ халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасының болуын техника иесінің қатысуынсыз уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы тексеріп, жүзеге асыратын болады.
Аталған түзетулер ҚР Үкімет Қаулысы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Бүгінгі таңда «Жасыл даму» АҚ қажетті техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын жүргізді.