Құрметті отандастар!
Сіздерді Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана - Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі, ел рухының асқақтығы мен ұлт болашағына деген сенімнің бейнесі. Бұл еуразиялық кеңістіктің орталығы, мәдениет, ғылым, инновациялық технологиялар орталығы, сондай-ақ халықаралық диалог алаңы.
Осынау мерейлі күні баршалырыңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілейміз.
Елордамыз көркейе берсін!
Ізгі тілекпен, «Жасыл даму» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай