Құрметті отандастар!
Сіздерді 9 Мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабаларымыздың Отан үшін от кешіп, оққа кеудесін тосқан жанқияр ерлігі - бүгінгі бейбіт өмірдің берік тұғыры, ұрпаққа аманат болған асыл мұра.
Ұлы Жеңіс - халқымыздың бірлігі мен рухының мықтылығын, елге деген шексіз сүйіспеншілігін танытатын тағылымы терең тарихи белес.
Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен, «Жасыл даму» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай