Қате немесе артық төленген кәдеге жарату төлемін қалай қайтаруға болады?
Жаңалықтарға оралу

Қате немесе артық төленген кәдеге жарату төлемін қалай қайтаруға болады?

Артық төленген соманы қайтару немесе есепке жатқызу үшін eOtinish платформасы арқылы өтініш беру қажет.

Қаражатты қайтару мәселесі, атап айтқанда, мынадай жағдайларда қарастырылуы мүмкін:
— төлем қате жасалған болса;
— төлем сомасы дұрыс емес деректер негізінде есептелсе;
— кәдеге жарату төлемі төленген тауар Қазақстан аумағынан тыс жерге шығарылса;
— қолданыстағы қағидаларда көзделген өзге де негіздер болған жағдайда.

Өтініште мыналарды көрсету қажет:
— өндіруші немесе импорттаушы туралы мәліметтер;
— байланыс деректері;
— қайтаруға немесе есепке жатқызуға тиісті сома;
— банк деректемелері;
— сертификаттың нөмірі мен күні;
— қайтару негізі;
— растайтын құжаттардың тізбесі.
Сонымен қатар ұлттық валютадағы шоттың деректемелерін растайтын банк немесе «Қазпошта» АҚ құжатын қоса беру қажет.

📌 Маңызды: түпкілікті шешім қайтару негіздері мен ұсынылған құжаттар тексерілгеннен кейін қабылданады.

#ЖасылДамуТүсіндіреді