Заңды тұлғаның өтінімдерімен жұмыс істеу үшін қызметкерлерге қолжетімділікті қалай беруге болады?
Жаңалықтарға оралу

Заңды тұлғаның өтінімдерімен жұмыс істеу үшін қызметкерлерге қолжетімділікті қалай беруге болады?

Ұйымның өтінімдерімен жұмыс істейтін әрбір қызметкер заңды тұлғаның профиліне өзінің ЖСН-і арқылы алдын ала қосылуы қажет.
Қызметкерді қосу тәртібі:
Ұйым басшысы жүйеге кіріңіз.
«Баптаулар» бөліміне өтіңіз.
«Қызметкерлерді басқару» бөлімін ашыңыз.
«Қызметкерлерді қосуға өту» батырмасын басыңыз.
Қызметкердің ЖСН-ін енгізіңіз.
«Қосу» батырмасын басыңыз.
Осыдан кейін қызметкер ұйымның тізімінде көрінеді және оның өтінімдерімен жұмыс істей алады.
Әрбір қызметкердің жеке тіркелгісі және өзіне ғана тиесілі электрондық пошта мекенжайы болуы тиіс. Бір электрондық пошта мекенжайын бірнеше қызметкердің пайдалануына жол берілмейді.
Қызметкердің қолжетімділігін тоқтату үшін оның деректерінің қарсысындағы «Жою» батырмасын басыңыз.
Маңызды: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ұйым атынан тек ЖСН-і алдын ала ұйымның профиліне енгізілген қызметкерлер ғана жұмыс істей алады.


#ЖасылДамуТүсіндіреді