«Жасыл даму» АҚ жүйесінде қалай тіркелуге болады?
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ жүйесінде қалай тіркелуге болады?

Электрондық сервистерді пайдалану үшін recycle.kz сайтында тіркелу қажет.

Тіркелу тәртібі:

1. recycle.kz сайтына кіріңіз.
2. «Жүйеге кіру» батырмасын басыңыз.
3. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) файлын таңдап, құпиясөзін енгізіңіз.
4. Қолданыстағы электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.
5. Көрсетілген электрондық поштаңызға келген сілтеме арқылы өтіңіз.
6. Жеке кабинетке кіруге арналған құпиясөзді орнатыңыз.

Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы тиіс. Оның құрамында бас әріп, сан және арнайы таңба болуы қажет.

Келесі жолы жүйеге кірген кезде ЭЦҚ құпиясөзі мен жеке кабинетіңіздің құпиясөзін енгізу қажет болады.

📌 Маңызды: тұрақты пайдаланатын электрондық пошта мекенжайын көрсетіңіз.

#ЖасылДамуТүсіндіреді