Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп, қалдықтарды басқарудың тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыруға бағытталған Тұжырымдаманы іске асырудың ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі кешенді бағдарлама талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Министр Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын белгіленген мерзімдерде іске асыруды тапсырды.