«Жасыл даму» АҚ «Таза Қазақстан» аясында қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша өңірлік семинарлар өткізді
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ «Таза Қазақстан» аясында қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша өңірлік семинарлар өткізді

Жезқазған, Қарағанды, Орал, Қызылорда, Атырау, Тараз, Шымкент, Талдықорған және Қонаев қалаларында қалдықтарды шығару саласында жұмыс істейтін компаниялар үшін офлайн-семинарлар сериясы өтті. Оқыту кездесулерін «Жасыл даму» акционерлік қоғамының өкілдері жергілікті әкімдіктердің қолдауымен ұйымдастырды.
Семинарлардың мақсаты - қалдықтарды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған EcoQolday ақпараттық жүйесін енгізудің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын түсіндіру.

EcoQolday жобасы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге «Жасыл даму» АҚ тарапынан жүзеге асырылуда. Бұл қағаз, пластик және шыны қалдықтарын қайта өңдеуді ынталандыруға арналған заманауи экологиялық бастама. Жүйеге қатысушылар тапсырылған қалдықтардың көлеміне байланысты қаржылай төлемдер алады. Бұл өз кезегінде кәсіпорындарды қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу жұмыстарын күшейтуге ынталандырады.

Оқыту семинарларына шамамен 200-ге жуық сала өкілдері тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және сұрыптауға жауапты компаниялардың басшылары мен мамандары қатысты. Кездесулер барысында қатысушылар платформаның мүмкіндіктері, төлем есептеу тетіктері және саланы цифрландырудың болашағы туралы практикалық түсіндірмелер алды.

EcoQolday жүйесін енгізу арқылы Қазақстан «жасыл экономика» қағидаттарына көшу, қалдықтарды көму көлемін азайту және елді мекендердегі экологиялық жағдайды жақсарту бағытында сенімді қадам жасауда. Жоба шағын және орта бизнесті қолдап, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ұлттық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыруға үлес қосады.

 «Жасыл даму» АҚ алдағы уақытта да өңірлерде оқыту кездесулерін өткізіп, қалдықтармен жұмыс істеуді неғұрлым тиімді, тұрақты және экономикалық тұрғыдан тартымды ету үшін цифрлық құралдарды дамытуды жалғастырады.