«Жасыл даму» АҚ: Ерназар Шынасылды Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты болып сайлануымен құттықтаймыз!
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ: Ерназар Шынасылды Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты болып сайлануымен құттықтаймыз!

«Жасыл даму» АҚ ұжымы Ерназар Шынасылды Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты болып сайлануымен құттықтайды.

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі қызметін атқарған кезеңде ол Қоғамның дамуына елеулі үлес қосып, өзін жауапты басшы әрі білікті маман ретінде таныта білді.

Біздің ұжым үшін оның жинақтаған тәжірибесі, білімі мен кәсіби біліктілігінің енді жаңа әрі жауапты қызметте ел игілігіне жұмсалатыны ерекше қуаныш.

Ерназар Шынасыл Жеңісұлына депутаттық қызметінде толағай табыс, жаңа жетістіктер, қажыр-қайрат және ел игілігі жолындағы жемісті еңбек тілейміз.