Қазақстан Nature-based Solutions Innovation Accelerator (NBS-IA) халықаралық бастамасына қатысуға мақұлданды. Іріктеу нәтижелері туралы бүгін, 17 қарашада, Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-конференциясы (COP31) аясында жарияланды.
Бұл туралы Италияның Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (UNEP) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (OECD) бірлесіп ұйымдастырған «Scaling up Sustainable Infrastructure through NbS for Climate Adaptation» атты халықаралық іс-шара барысында мәлім болды.
NBS-IA бастамасы аясында жобаларды іріктеу климаттың өзгеруі салдарынан туындайтын қауіптерге инфрақұрылымның төзімділігін арттыру үшін табиғи экожүйелердің әлеуетін пайдалануға негізделген инновациялық шешімдерді қолдауға бағытталған.
Қазақстанның бағдарламаға қатысуы табиғатқа негізделген шешімдерді дамыту мен енгізуге, халықаралық сараптаманы тартуға, техникалық қолдау мен климаттық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қажетті инвестициялық ресурстарға қол жеткізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.