2024 жылдың 29 тамызынан бастап кәдеге жарату төлемдерін төлеу процесін жеңілдету мақсатында жаңа төлем мүмкіндігі енгізілді. Енді кәдеге жарату төлемдерін Халық банкінің мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады. Ол үшін өтінімде көрсетілген QR кодты сканерлеп, қосымша берілген нұсқауларды орындау қажет. Жаңа әдіс кәдеге жарату төлемдерін төлеудің жылдам әрі ыңғайлы әдісін ұсынады, бұл қосымша қадамдардың қажеттілігін азайтады.