2024 жылдың 20 қыркүйегінде, Орал қаласында «Климаттың өзгеруі: озық технологиялардың сын-қатерлері мен келешегі» тақырыбына арналған дәстүрлі VII Орал жасыл форумы өтті.
Шараны «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы ұйымдастырды.
Форумға, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, «Жасыл даму» АҚ, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, мемлекеттік және жеке табиғат пайдаланушы компаниялар, салалық және мамандандырылған бірлестіктер, департаменттер, сарапшылар, сондай-ақ республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
«Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Қабдолданов Нұржан Кеңесбайұлы форумға қатысушыларға, «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды өңдеу саласын қолдау, оның ішінде қалдықтарды жинаушылар мен қайта өңдеушілерді ынталандыру, жаңа өндіріс орындарын қаржыландыру бөлігінде және қалдықтарды сұрыптау мен өңдеуге, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған қондырғыларды жаңғыртуға арналған жұмыстары туралы айтып берді.
Сондай-ақ конференция барысында қатысушылар, экология саласындағы өзекті мәселелерді, парниктік газдар шығарындыларын азайту жағдайы мен жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.