Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде «Жасыл даму» АҚ, әкімдіктер және салалық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді және кешенді жүйесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Жұмыс тобының регламенті бекітілді (регламентке сілтеме).
Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері механизмін енгізу мәселелерін талқылау басталды.
Жұмыс тобының шеңберінде салалық қауымдастықтар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен ӨКМ механизмін енгізу мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қатысуымен коммуналдық қалдықтарды басқару мәселелері жөнінде шағын топтардың отырыстарын өткізу жоспарланды.