«Жасыл даму» АҚ мен «QAZCEM» Қазақстандық цемент және бетон өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ бірлесіп, қалдықтарды кәдеге жарату, оның ішінде цемент зауыттарында қалдықтарды балама отын ретінде пайдалану мәселесін талқылады.
Қауымдастық өкілдері қалдықтарды басқару нарығына қатысушылармен өзара іс-қимыл туралы нақты нормативтік құжаттың жоқтығынан жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның осы мәселені шешудегі ролі мен құзіреті айқындалуы керектігін көтерді. Сондай-ақ логистикалық қайта жарақтандыру тұрғысынан бұл саланы ынталандыру мүмкіндігі талқыланды.
Талқылау барысында әлемдік тәжірибесін ескерген «QAZCEM» қауымдастығының өкілдері цемент зауыттарында қалдықтарды балама отын ретінде пайдалануды қолдап, қызығушылық танытты.
Бұл мәселені одан әрі терең талқылау үшін мүдделі тараптар өзара кеңейтілген әріптестік кездесулер өткізуге келісті.