«Жасыл даму» АҚ-ның ПИК және МИБ-ті «EcoQolday» ААЖ жүйесіне тарту мәселелері бойынша кеңесі
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ-ның ПИК және МИБ-ті «EcoQolday» ААЖ жүйесіне тарту мәселелері бойынша кеңесі

Астана қаласында «Жасыл даму» АҚ алаңында қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық қауымдастық «KazWaste», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы елорда филиалының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және меншік иелері бірлестіктері мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің, сондай-ақ қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңесте халықты макулатура, шыны және пластик сияқты қайталама шикізатты бөлек жинау және сұрыптау жүйесіне тарту мәселелері «EcoQolday» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы талқыланды.

Кездесудің спикері «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Кеңесбайұлы Қабдолданов болды. Іс-шараның негізгі тақырыбы - Астана қаласындағы rөппәтерлі үйлердің пәтер иелері кооперативтері және vеншік иелері бірлестіктерінің өкілдерін «ЭкоQolday» жүйесіне тарту. Бұл цифрлық платформа арқылы көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары сұрыпталған қайталама шикізатты (қағаз, шыны, пластик) үйден шықпай-ақ тапсырып, оны жинаумен айналысатын мамандандырылған компаниялардан ақшалай сыйақы ала алады.

Сонымен қатар, тұрғын үй кешендері базасында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізудің пилоттық жобаларын іске қосу мүмкіндіктері қарастырылды. Қажетті инфрақұрылымды дамыту жоспарлануда: арнайы контейнерлер орнату, адалдық (бонус) жүйесін енгізу, сондай-ақ тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

«Жасыл даму» АҚ қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттау және халыққа арналған цифрлық экологиялық сервистерді дамыту бағытында жұмыстарын жалғастыруда. Көппәтерлі үйлердің тұрғындарын ПИК және МИБ арқылы тарту қалалық ортада жауапты тұтыну мен қалдықтармен жұмыс істеудің тұрақты моделін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Анықтама: «EcoQolday» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді қолдауға арналған цифрлық платформа. Пайдаланушылар тапсырылған қайталама шикізатты бақылап, ақшалай төлем алып, экологиялық бағдарламалар мен конкурстарға қатыса алады. Жүйе жеке және заңды тұлғаларды «жасыл экономика» құру процесіне тартуға бағытталған.